©2020 Астана Ақшамы
ТӘРТІПТІК КЕҢЕСТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Осы аптада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласындағы Тәртіптік кеңесінің үшінші отырысы өтті.
Жиында өткен Тәртіптік кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуы туралы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Бауыржан Асайынов баяндады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Астана қаласы Сот актілерін орындау департаментінің басшысы Ш.Мерманқұлов, Астана қаласы әкімдігінің экономикалық талдау және мониторинг бөлімінің меңгерушісі М.Жасыбаев және Сот актілерін орындау департаментінің Есіл ауданы бойынша жергілікті бөлімнің сот орындаушысы Б. Машираповтың тәртіптік істері қаралды.
Кеңес мүшелері жан-жақты талқылаудан кейін өз ұсыныстарын ортаға салды. Аталмыш тәртіптік істер бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ