ТӘРТІП ЖАЙЫ ТЫҢДАЛДЫ

0 89

Кеше қалалық мәслихаттың мәжіліс залында заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Комиссия төрағасы Николай Мещеряковтың басшылығымен өткен жиында Астана қаласында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаның орындалуы талқыланды.

Аталмыш бағдарламаның қоры­тындысы туралы Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Дәулет Досқұлов баяндама жасап, осы уақыт аралығында атқарылған шаруалармен таныстырды. Мәселен, елордалық жастар арасында ішімдік пен есірткіге қарсы алдын алуды насихаттайтын бес мыңға жуық іс-шара өткен. «Астана – есірткісіз қала», «Қауіпсіз аула», «Участок», «Түнгі қаланың балалары», «Біз қауіпсіз жолды қалаймыз!» және тағы басқа акциялар тұрақты өткізіліп, БАҚ беттерінде жарияланған.

Астана қаласы ІІД бастығының орынбасары Батырлан Есенбаев өңірлік бағдарламаның мақсатты түрде орындалғанын айтып, нақты деректермен бөлісті.
Жиын соңында қаладағы қыл­мыстық ахуал, бейнебақылау каме­раларының тиімділігі мен қоғамдық тәртіп мәселелері жөнінде қойылған сауалдарға жауап берілді.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 3 =