Тәртіп сақшыларын не толғандырады?

0 45

Мәслихат депутаттары Алматы ауданы полиция басқармасына барды.

Депутаттар алдымен тәртіп сақшыларының азаматтарды қабылдау бөлмесімен танысты. Қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов атап өткендей, онда медиация қызметі табысты жұмыс істейді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ішкі істер органдарын жаңғыртудың жол картасын қабылдауды тапсырған еді. Соған сәйкес тоғыз бағыт айқындалды. Депутаттар мен полицейлер осы бағыттарды талқылады.
Соның ішінде ішкі істер органдарының штаттық құрылымын оңтайландыру, полиция қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту, жалақы төлеу мен әлеуметтік қорғау сапасын арттыру сияқты мақсаттар бар.
– Депутаттарға тергеушілердің электронды форматтағы жұмысының жаңа әдістері көрсетілді. Полицейлер өздерінің проблемалық мәселелері туралы айтты. Бұл қатарда кадрлардың, әсіресе учаскелік полицейлердің жетіспеушілігі, қызметтік кабинеттерге бейнебақылау камераларын орнату қажеттілігі бар, – деді қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × two =