ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ВЕЛОШЕРУЛЕТТІ

0 204

полиция велопробег

Өткен сенбіде Астана қаласы Ішкі істер департаменті басшылығының және жеке құрамының қатысуымен Қазақстан полициясы күніне орай велошеру өтті. Былтыр қолға алынған игі шара биыл да жалғасын тауып, таңмен таласа велосипед ершігіне отырған 500-ден астам тәртіп сақшылары мен оның балалары Астана көшелерін аралады.

Велосипедшілер «Атамекен» этнокешенінен «Қазақ елі» монументіне дейін 7 шақырым жолды жүріп өтті. Ішкі істер органының ардагерлері де бұл шарадан тыс қалмады. Жас әріптестерінен қалмай, қажырлылық танытқанның бірі – Ардагерлер кеңесінің төрағасы, 75 жастағы Есім Танабергенов. Шеруге қатысушылардың жол қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, жол полициясы қызметкерлерінің экипажы мен мотоциклшілер эскорты жол сілтеп, алып жүрді.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан 22 жыл бұрын 1992 жылдың 23 маусымында «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары» туралы алғашқы заң қабылданған болатын. Сол себепті, 23 маусым – Қазақстан полициясы күні болып белгіленді. Алдағы күндерде де Астанада Полиция күніне орай осы саланың үздік мамандары марапатталып, түрлі шаралар өтеді.

Айжан Қасымова

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 4 =