Тәртіп сақшылары марапатталды

0 35

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Азат Көшербаев пен Михаил Чижик «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медаліне ие болды. Батырларға медальді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Ержан Саденов ­табыс етті.

17 шілде сағат 19.10-да қыз бала «Тұлпар» автокөлік көпірінен суға секіріп кеткен. Бақытына орай, осы уақытта екі жігіт – Азат Көшербаев пен Михаил ­Чижик жақын жерде жүргендіктен бұл оқиғаны көздерімен көрген. Сол жерде Азат Көшербаев бірінші болып суға секірген. Азат – биден сабақ беретін оқытушы, Қазақстан Республикасының спорт шебері, сол мезетте онлайн-сабақ өткізіп жатқан. Суда ағып бара жатқан қызды байқап қалып, жылдам малтып барған, артынша Михаил Чижик те жетіп үлгерген. Құтқарушылар келгенге дейін жігіттер есеңгіреп қалған қызды ұстап тұрған. Сонан соң құтқарушылар дәрігерлер келгенге дейін қызға медициналық және психологиялық көмек көрсеткен. Сондай-ақ «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару отрядының құтқарушылары Қайрат Жүсіпов пен Жігер Темірәліұлы да марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 − 2 =