Тәртіп бұзғандарға айыппұл салынды

0 25

Елордада шағын және орта бизнес субъектілеріне рейд күн сайын жалғасып, карантин тәртібін бұзғандарға 133 миллион теңге айыппұл салынды.Өткен демалыс күндері полицейлер, СЭС және әкімдік өкілдері базарлар мен басқа да нысандарды аралады. Белгілі болғандай, кейбір шағын және орта бизнес өкілдері карантин режимінің күшейгеніне қарамастан талапты орындамаған.
«Сауда үйлері демалыс күндері жұмыс істемеуі керек, тек дәріханалар, қоғамдық тамақтану орындары болса, олар жұмыс істеуге құқылы» деп түсіндірді Байқоңыр ауданы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Ықыласова.
Мамандардың айтуынша, қазіргі кездегі негізгі бұзушылықтар – жұмыс режимін сақтамау, қоғамдық тамақтану орындарында келушілер санының көп болуы, сатып алушылар мен сатушыларда масканың болмауы, әлеуметтік қашықтық сақтамау, нысанның кіреберісінде антисептиктердің болмауы, кей жерлерде келушілер мен қызметкерлердің термометриясы жүргізілмейді.
Сондай-ақ жиі кездесетін бұзушылықтар қатарына бұқаралық отбасылық іс-шаралар­ды, кездесулерді, жиындарды өткізу жатады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − eleven =