«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тарихтан сыр тартқан туындылар

0 263

Тәуелсіздік сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстандық суретшілердің туындылары» атты өнер көрмесіне арналған ашық есік күні өтті.

Көрмеге ұлтымыздың ұлы тарихынан сыр тартқан отандық қылқалам шеберлерінің 100-ге тарта картиналары қойылды. Олардың арасында Алпысбай Қазығұлов, Камил Муллашев, Жеңіс Кәкенов, Рашид Құлбатыров, Ағым­салы Дүзелханов, Сембіғали Смағұлов және тағы басқа есімдері елге танымал суретшілердің бедері айшықты туындылары бар. Тарихтың терең тұнығынан сыр тартқан шығармаларды көрген кезде бойыңызда рух атойлап, бабалардың ат үстіндегі мығым отырған бейнесі көз алдыңызға келеді.
«Бүгінде елімізде көр­кемсурет өнері өте жақ­сы дамыған. Әбілхан Қас­теев салған жол биікке көтерілді. Біздің қылқалам шеберлерінің әрбір шығар­масынан ұлттық бояудың исі аңқып тұрады. Мәселен, көрмедегі «Қыз ұзату», «Жайлауда», «Шығарып салу» секілді дәстүрімізді дәріптеген картиналарды көріп, көңіліңіз көтеріледі. Осы көрме арқылы сурет­шілердің еңбегін елге кеңірек насихаттауды мақ­сат еттік» деді шараны ұйым­дастырушы Тілеукеш Жаубасова.

Мерей ДІЛДӘБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды