Тарихи жадының куәгері

0 59

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Цифрлық кеңістіктегі библиография қызметі» атты тақырыпта халықаралық онлайн-семинар болып өтті. Іс-шараға рес­публикалық, аймақтық және Ресейдің кітапханашылары қатысты.

Онлайн-семинар жұмысында сандық кеңістіктегі библиография қызметінің бағыттары теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерделеніп, кітапханалардың ақпараттық-библиографиялық қызметінде интернет-технологияларды қолданудың жаңа тенденциялары анықталды. Әсіресе қазіргі жағдайда кітапхана оқырмандарының ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз етуде алғышарттардың бірі болып саналатын виртуалды анықтамалық-библиографиялық аппаратты және анықтамалық-библиографиялық жұмыстың жаңа түрлерін және библиографиялық ақпаратты пайдаланудың креативті мүмкіндіктері талданды.
Сондай-ақ онлайн-семинарға қатысқан Алматыдағы Ұлттық кітапхана басшысы Бақытжамал Қайырбекқызы әр кітапхананың библиографиялық бөлімі еліміздің мәдени және интеллектуалды мұрасын сақтауға бағытталғандығын айтып өтті.
– Ұлттық библиографияны «Ұлттың тарихи жадының куәгері» деп бекер айтпайды. Ұлттық библиография өз елінің халықаралық ақпараттық кеңістікке қосылуына және мәдени өзара серіктестігіне қатысуға жағдай жасайды.
Ұлттық академиялық кітапханасы ақпараттық-библиографиялық сервис қызметінің жетекшісі Жанар Сабешқызы: Библиография – барлық ғылымдардың дамуына көмекші бола тұра, кітап оқуға, кітап таңдауға басшылық жасайтын құндылыққа ие ғылым саласы. Заманауи библио­графиялық қызмет кітапхана саласының маңызды бағыты болу өзектілігін сақтауды жалғастырып келеді. Қазақстан кітапханалары ақпараттық-библио­графиялық қызметтің дәстүрлі және инновациялық, сандық формалары мен әдістерін қолдана отырып, автоматтандырылған және дәстүрлі библиографиялық іздеу форматында жұмыс істейді. Дәстүрлі ақпараттық-библиографиялық ақпаратты іздеумен қатар, автоматтандырылған ақпараттық библиографиялық қызмет көрсетілуде. Кітапханалардың анықтамалық библиографиялық аппараты электронды сипатқа ие болуда. Корпоративті ақпараттық ресурстар библиография­лық және толық мәтінді ресурстар жүйесінде маңызды орын алады» деп библио­графиялық қызметтің маңызына тоқталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × two =