«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тарихи кинолар тегін көрсетіледі

0 341

Елордалық 5-11-сынып оқушылары жыл соңына дейін кинотеатрларда отандық фильмдерді тегін тамашалайтын болады. Мұндай мүмкіндік «Ұлы дала мұрасы» жобасының аясында беріліп отыр.

Ел мен жердің тари­хын, мәдениетін білуге негізделген бұл бастамаға Астана қаласының әкімдігі мұрындық болды.
– Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ел тарихын білудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Президент тарихқа құрметпен қарауға және зерделеу­ге, өткеннен сабақ үйренуге шақырып, патриотизм мектеп қабырғасынан басталуы керектігін айтты. Біздің ойымыз­ша, киноматография арқылы оқушылар қазақ халқының ғасырлар бойы сақтаған барлық ұлттық құндылықтарын бойларына сіңіріп өседі, – дейді Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.
Балаларға арналып көрсеті­летін фильмдердің барлығы тарихи тақырыпта. Алғашқы күні шәкірттер «Керуен» сауда және ойын-сауық орталығында «Жаужүрек мың бала» киносын тамашалады. Одан бөлек, алдағы уақытта «Алмас қылыш», «Анаға апарар жол», «Жерұйық», «Құнанбай», «Так сложились звезды» секілді танымал кинотуындылардың көр­сетілімі ұйымдас­тырылмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды