Тарих тұңғиығынан сыр шертеді

0 37

Елордадағы Ұлттық музейде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы даланың ежелгі өнері және технологиялары» атты тарихымыздың терең тұңғиығынан сыр шерткен зал ашылды. Бұл айтулы шараны өткізуге Мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мұрындық болды.

Жаңа ашылған залға Есік, Берел, Талды, Тақсай және тағы басқа қорғандардан табылған, аң стилінде орындалған сақ дәуірінің бірегей алтын бұйымдары ұсынылды. Аталған жәдігерлерден сол кезде өмір сүрген халықтың тұрмыс-салт өмірі мен мәдениетін қандай деңгейде болғандығын байқайсыз. Сондай-ақ, Бурабай, Қанаттас, Қызыл-Қайнар-төбе, Ақтөбе және т. б. археология­лық ескерткіштердің «полихромдық стиль» дәстүрінде дайындалған және біздің заманымызға дейінгі IV-V ғасырларына жататын заттар да келушілердің тарихи танымын кеңейтті.
Ежелгі өнер залының ашылу салтанатында Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-­өлкетану музейі қорындағы алтын бұйымдар көрмесі де экспозицияланды. Бұл Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Елеке-Сазы қорымынан 2019-2020 жылдары белгілі отандық археологтар З.Самашев пен А.Төлеубаев тапқан, біздің заманымызға дейінгі IV-V ғасырларына жататын бірегей археологиялық олжалар саналады.

Сонымен қатар Ұлттық музейдің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу инс­титутының қызметкерлерімен 2015-2020 жылдар аралығында еліміздің әр өңіріндегі жерлеу, еске алу кешендеріне жүргізілген археологиялық зерттеулер барысында табылған жәдігерлер де өз ерекшелігімен көпшілікті жылы әсерге бөледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + eight =