Тәрбие – тал бесіктен

0 9

Елордада «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты тақырыпта Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенттерімен кездесу өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ ұйымдастыруымен өткен шарада Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы жастардың көкейіндегі көптеген сауалдарға жауап берді. Діннің қоғам мен мемлекетті ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыратын сенім болуымен қатар, бір мезгілде әлеуметтік алауыздықтар да туғызатын нәзік орта екені, қоғамдағы түрлі алауыздықтың дені діни сауатсыздықтан пайда болып жататыны тілге тиек етілді.

– Сондықтан мемлекет пен қоғамға жүктелген міндеттердің бірі дінге қызығушылық танытқан топтың басым бөлігі болып табылатын жастардың бойында ұлттық сана мен діни танымдық позициясын қалыптастыру керек, – деді басқарма басшысы. Сонымен қатар ол күмәнді діни қоғамдастықтарға жазылу, деструктивті материалдарды тарату, басқа платформаларға жіберу, репосттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 453 және 490-баптарының бұзылуына әкелетінін атап өтті.

Бауыржан СЕГІЗБАЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 12 =