Тәрбие мен тағылымға толы…

0 91

Ұлттық академиялық кітапханада белгілі ақын, айтыскер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мәдениет қайраткері Егеухан Мұхәмәдиқызының «Бұйырғын» және «Кінәлі қыз» атты кітаптарының таныстырылымы өтті.

Жиынды белгілі ақын, ғалым Жанат Әскербекқызы жүргізіп, Егеухан апаның шығармашылығына жан-жақты тоқталып, мазмұнды ой өрбітті. Одан кейін сөз алған Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкері, ақын Рига Оңаева кеш иесіне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтау хатын оқып берді.
Өмірде көргені мен түйгені мол асыл ананың оқырманға жол тартқан «Бұйырғын» жыр жинағына кестелі өлеңдері мен толғаулары енсе, «Кінәлі қыз» роман-эссесіне қаламгердің өз басынан өткен, тәрбие мен тағылымға толы оқиғалары арқау болған.
Сондай-ақ іс-шараға белгілі жазушы Шәрбану ­Бейсенова, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың ­лауреаты Роза Мұқанова, ақын Оңайгүл Тұржан және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысып, автор мен жаңа туындылар жайында ой-пікірлерін айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 2 =