Таразы басы теңесті

0 26

Гагарин кубогы үшін өтіп жатқан плей-офф ойындары жалғасуда. «Барыс» екінші кездесуінде «Металлург» командасынан айласын асырды.

Матчтың бірінші кезеңінде астаналық Кирилл Панюков есеп ашса, екінші кезеңде алаң иесі Нестрашил қарымта гол соқты. Үшінші кезең нәтижесіз болды.
Ал негізгі ойыннан кейінгі овер-таймда «Барыс» капитаны Даррен Диц мергендігімен көзге түсті. Оның 29-ыншы секундта алыстан соққан шайбасы қорғаушылар да, қақпашы да тосқауыл бола алмады. Сөйтіп «жекпе-жекте» таразы басы теңесті.
Енді плей-офф ойындары Нұр-Сұлтанда жалғасады. 6, 8 наурызда «Барыс Арена» спорт сарайында «Барыс» – «Металлург» ойындары өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − 7 =