ТАРАС ТОЙЫНА ТАРТУ

0 101

photo_48541

ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Украин ақыны Тарас Шевченконың 200 жылдық мерейтойы биыл халықаралық маңызды датаға айналып отыр. Осыған орай, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Шевченко – украин халқы мен қазақ халқының арасындағы рухани байланыстың нышаны» атты ІІІ халықаралық Шевченко оқулары өтті.

Ауқымды іс-шараны Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситеті, Украинаның Қа­зақ­стандағы елшілігі жанындағы Украина мәдениет және ғылым орталығы, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Украина ұлттық ғылым ака­де­мия­сының Т.Шевченко атын­дағы әдебиет институты, Қазақстан тарихшылар конгресі, «Қазақстандағы украиндар радасы» республикалық бірлестігі, Т.Шевченко атындағы ғылыми орталық және М.Шолохов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік гуманитарлық университетінің Уфа филиалы, Т.Шевченко атындағы Орынбор облыстық мәдени-ағарту қоғамдық ұйымы ұйымдастырды.
Жасалған баяндамаларда ұлы кобзарь, суретші Тарас Шевченконың өмірі мен шығармашылығының ғылыми зерттелуі, шевченкотану мәселесі кеңінен қозғалды. Сонымен бірге, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында Т.Шевченко кабинетін құру идеясы ортаға салынды.
Конференцияның екінші бөлімі дөңгелек үстелмен жалғасты. Қа­тысушылар ең әуелі ақын туралы арнайы түсірілген украин тіліндегі 2 деректі фильмді тамашалады.

Мәдина ЖАҚЫП

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + 11 =