Тапсырманы пошта арқылы алады

0 14

Білім және ғылым министрлігі мен «Қазпошта» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді интернетпен білім алуға мүмкіндігі жоқ, алыс ауылдарда тұратын оқушыларға тапсырмалар поштамен жеткізіледі.

Қазір Білім және ғылым министрлігі IV тоқсанда қашықтан оқытудың бірнеше жолын ұсынып отыр. Атап айтсақ, радио және телеарналар арқылы өткізілетін сабақтар, білім беру интернет-ресурстарын пайдалану, шағын жинақы мектептердегі дәстүрлі оқыту форматы және тағы бір бағыт «Қазпошта» арқылы болмақ.
Еліміздегі кейбір елді мекендердегі мектепте интернет жоқ, сондықтан онда тұратын оқушылар көрші ауылдарға көлікпен арнайы қатынайды. Енді төтенше жағдай кезеңінде оқу материалдарын мұғалімдерден оқушыларға, оқушылардан мұғалімдерге кері жіберу жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Осыған сәйкес оқушыларға арналған оқу материалдары «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшелері арқылы жеткізілетін болады. Ата-аналарға пошта байланысы қызметі үшін төлем жасаудың қажеті жоқ.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × four =