©2020 Астана Ақшамы
Тәпсірлер таңдаулысы
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада қазақ және орыс тілінде жарық көрген «Тәпсірлер таңдаулысы» атты төрт томдық кітап таныстырылды.Айтулы іс-шара Құран оқумен басталып, еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы жиынға жиналғандарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, құнды еңбек туралы парасатты сөз өрбітті.
– Бүгін Сирияның Алеппо қаласынан шыққан Мұхаммед Әли әс-Сабунидің әйгілі «Сафуатәт-тәфәсир» тәпсір кітабы қазақ және орыс тілінде жарық көріп отыр. Төрт томнан тұратын бұл еңбекті шығарудағы мақсатымыз – қасиетті Құран аяттарын халыққа дұрыс тәпсірлеу, халыққа Әбу Ханифа мәзһабын ұстанудың маңыздылығын дәріптеу, жастарға дұрыс діни мәлімет беру, елімізде дін тұтастығын қалыптастыру, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына тойтарыс беру. Қазақ және орыс тілінде жазылған тәпсір кітабы оқырманға жеңіл, ықшамды берілуімен ерекшеленеді, – деді бас мүфти.