ТАПШЫ МАМАНДЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

0 168

 

IMG_8001

 «Head Hunter» сайтының сараптауына сүйенсек, отандық еңбек нарығында бухгалтерия, маркетинг, PR және банктік сала өкілдеріне сұраныс артқан. Сондай-ақ, жұмыс берушілер білім, медицина, фармацевтика саласының мамандарын да жиі іздейді. Ал жылдық есеп бойынша құрылыс, автомобильді бизнес, көлік пен логистика, ақпараттық технология сияқты қызмет түрлері артқы қатарға қарай ығыса бастапты.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, үміткерлерге ұсынылатын еңбекақы 3-5 пайызға өскен. Жалақының мөлшері жөнінен Ақтау мен Атырау облыстары алда. Ақтаулықтар айына орташа есеппен 125 мың теңге тапса, атыраулықтар 123 мың теңге алады. Жекелей мамандардың арасында жоғары менеджменттегілердің қалтасы қалың. Олардың ай сайынғы табысы – 225 мың теңге. Шикізат өндірушілердікі – 180 мың теңге, құрылыс пен жылжымайтын мүлік, медицина және фармацевтика салаласындағылардікі – 150 мың теңге.

Қызығы, әр бос вакансиядағы бәсекелестік бір орынға 17 адамнан келеді екен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + six =