ТАҢДАУЛЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ТЕР ТӨГУДЕ

0 116

111

Биыл елорда тойына орай ұйымдастырылатын «Астана таңдауы-2014» дәстүрлі байқауына «Құрылысшы» аталымы­ бойынша­ қатысуға 25 адам өтініш бергенін хабарлаған едік. Оның ішінде жас мамандар да, тәжірибесі мол құрылысшылар да бар. Олардың барлығы кәсібінің үздігі атануға және елорда тұрғындарының құрметіне ие болуға лайық.

Астанада 2420 орындық 11 балабақша мен 9500 орындық 8 мектептің кірпіші қаланды. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау көзделген. Бүгінде №41 және Мирзоян көшелерінің қиылысында 1200 орындық мектеп салынып бітті. Елордалық Құрылыс басқармасының хабарлауынша, 3200 орынға есептелген үш мектеп 2015 жылы тапсырылады. Сонымен қатар, биыл бірқатар денсаулық нысандары да пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Ильинка тұрғын алабындағы 150 адамға арнал­ған алғашқы медициналық-сани­тария­лық көмек орталығы, Есілдің сол жағалауындағы амбу­ла­то­риялық-емханалық кешен (ересектерге арналған емхана бір ауысымда 350 адамды, балалар емханасы бір ауысымда 150 адамды қабылдайды), Ж.Досмұхамедұлы көшесіндегі 150 емделушіге шақталған алғаш­қы медициналық-санита­рия­­лық көмек орталығы.

Айта кеткен жөн, Астана қаласы әкімдігінің сайтында 1-20 маусым ара­лы­ғында ашық халықтық дауыс беру өтуде. Жал­пы қалалық «Астана таңдауы-2014» байқауы жеңім­паз­дарының аты жалпақ жұртқа жайылып, материалдық сый­лық­тар алады. Сонымен қатар, әрбір жеңімпаз туралы шағын фильм түсіріліп, республикалық телеарналардан көрсетіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × three =