«Таң Шолпанның» шапағы

0 82

Ұлттық музейде Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы қарсаңында «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының мұрындық болуымен «Таң Шолпан» атты көрме ашылды.

Көрмеге бейнелеу өнерінде өз қолтаңбасы қалыптасқан елуден астам суретшінің кескіндемелік, графикалық жұмыстары мен мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылды.
Келушілер назарына ұсынылған әр туынды көркемдік стилімен, композициялық идеясымен ерекшеленеді. Суретшілер табиғат пен өмірдің түрлі құбылыстарын образбен сәтті бейнелеген. Бояуы қанық картиналар адамның нәзік сезімін қозғайды.
Жоғарыда айтып өткен қор 1998 жылы құрылған, арада біраз үзілістен кейін 2019 жылы қор жұмысы қайта жанданып, айналасына жоғары білімі бар, кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін сияқты өнердің сан саласында жұмыс істейтін Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Австрия, Германия, Канада, АҚШ елдерінің кәсіби суретшілерін біріктірген.
Сонымен бірге көрме аясында дөңгелек үстел мәжілісі өтіп, онда «Таң Шолпан» қорының басшысы Жәмила Тәкен: «Қазір отбасылы және ана болу ғана емес, өзін-өзі дамытып, қолтаңбасын қалыптастыр­ған талантты әйелдер көп, оларды өнерге деген махаббат біріктіреді. Біздің мақсатымыз – үнемі жаңа бағытты іздеп жүретін талантты суретшілердің шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттау» деп қор жұмысын түсіндіріп өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − four =