Тамызда да жаңбыр толастамайды

0 182

Астана қаласы «ҚазГидромет» орталығының жетекші синоптик-инженері Жанат САТЫБАЛДИЕВА:

– Астанада алдағы аптада ауа райы қалай болады?
– Апта жауын-шашынды болады. Бүгін, яғни, сейсенбі күні көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°C, күндіз +26+28°C болады. Сәрсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан 9-14 /жел соғады, күн күркірегенде желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы +18+20°C, күндіз +30+32°C болады. Бейсенбі күні күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан 9-14/ жел соғады, күн күркірегенде желдің екпіні 18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +18+20°C, күндіз +27+29°C. Жұмыс аптасының соңғы күні күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 9-14/ жел соғады, күн күркірегенде желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы +15+17°C, күндіз +24+26°C.

– Тамыз айындағы күн райы туралы не айтасыз?
– Тамыз айы жаңбырлы болады. Күн бұлттанып, жауын-шашын жиілеп, ауа райы құбылып тұрады. Өйткені, еліміздің басым бөлігі тағы да белсенді циклонның ықпалында болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Айдың ортасында жауын-шашын саябырсып, ауа температурасы 28-33 градусқа дейін жоғарылайды. Айдың екінші жартысында қайтадан күн бұзылады. Осылай жаңбырлы күндер жаздың жайма-шуақ күндерімен алмасып отырады. Жалпы, ай бойынша температура көп жылдық мөлшер шамасында болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 3 =