Тамақтану орындарының жұмысы қысқарды

0 55

Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулысына сәйкес кешеден бері қаладағы дәмханалардың, мейрамханалардың, кофеханалардың және асханалардың жұмыс тәртібі өзгерді.Жаңа қаулыға сәйкес қоғамдық тамақтану нысандары, сол сияқты ашық ауада жұмыс істейтін тамақтану орындары орналасқан жеріне қарамастан, енді дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 7-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Бұл ретте «Ashyq» жобасы аясында жұмыс істейтін мекемелер дүйсенбі-жұма аралығында сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істесе, сенбі-жексенбі жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал тамақты жеткізу және өзімен бірге алып кету штаттық режимде жүргізіледі.
Асханалардың жұмыс істеу уақыты да өзгерді. Оларға келушілерді дүйсенбі-жұма күндері таңғы 7-ден 17:00-ге дейін қабылдауға рұқсат етіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − 4 =