ТАМАҚТАНДЫРУ НЫСАНДАРЫ ТҮГЕНДЕЛЕДІ

0 195

6723_800

Астанада 15 сәуірден 31 мамырға дейін «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындалуға байланысты қоғамдық тамақтандыру нысандарын түгендеу жүргізіледі.

Бұл шара көрмені өткізуге тар­­тылатын кәсіпорындардың мәліметтер базасын жасау үшін сауалдама түрінде өткізіледі. Жобаны жүзеге асыру үшін алдағы көрмені дайындауға және дамытуға өз ер­кімен үлес қосуға дайын еріктілер тартылады. Түгендеу шаралары  дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін жүр­гізіледі.

Аталған жобаға халықаралық шараны өткізу үшін қалалық қызметтер саласын дайындау жөніндегі әкімдіктің үш бағдарламасы аясында қызмет ететін «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жүргізу және оны өткізу дирекциясы» ЖШС бастамашы болып отыр. Атап айтқанда, «Astana Green City» –  елорда үшін энергетикалық тиімділік және жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға қатысты мәселені шешетін жобаны, «Astana mobility» – «EXPO-2017» аясында қаланың көліктік инфрақұрылымы және логистика саласын жаңарту жобасын  және «Welcome to Astana!» –  «EXPO-2017» көрмесін өткізу барысында және оны өткізгеннен кейін елорда тұрғындары мен қо­нақтарының тұратын орнының жайлы болуын қамтамасыз етіп, қонақ­жайлылық институтын дамыту жобасын жүзеге асыратын болады.

Ж.Кенжебек

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + 2 =