Талапты сақтамағандар жауапқа тартылды

0 23

Елорданың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талаптарын бұзғандарды анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.Жұмыс режимін сақтамайтын, қарапайым санинарлық нормаларды елемейтін мекемелер әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр. Мәселен, 13 шілдеде қалада карантиндік шектеу­лерді бұзған 4 кәсіпкерлік нысаны анықталды. Атап айтқанда, Есіл ауданының мониторингтік тобы жұмыс режимін бұзғаны, сондай-ақ қызметкерлерінің бетперде тақпағаны үшін «Bariton» караоке-клубын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ал «Aura club Alanya» түнгі клубы есіктерін жауып алып жұмыс істегені анықталды.
Алматы ауданында орналасқан «Особа» кафесі, «Respawn» компьютерлік клубы, сондай-ақ Сарыарқа ауданында «Bariton» ­караоке-бары жұмысын белгіленген уақыттан кейін жалғастыра берген.
Тәртіп бұзушыларға қатыс­ты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-­эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 5 =