Талаптар жеңілдейді

0 43

Елімізде 3 тамыздан бастап карантин талаптары жеңілдейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. ­Министрдің айтуынша, карантинді жеңілдету үшін санитарлық-дезинфекциялық тәртіп күшейтіліп, маска тағу және әлеуметтік арақашықтық талаптары сақталуы тиіс.

3 тамыздан жұмысын бастайтын нысандар:

Сауда, ойын-сауық орталықтары. Сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік, сауда базарлары.Балалар коррекция кабинеттері. Білім орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер (топта бес баладан аспауы тиіс). Кезекші топтар тәртібінде мектепке дейінгі мекемелер.

Сұлулық салондары, шаштараз, косметика және косметологиялық қызмет орталықтары мен салондар (алдын ала жазылу арқылы).

Мемлекеттік органдар мен кеңсе қызметкерлерінің кем дегенде
80 пайызы қашықтан жұмыс істеуі тиіс.

Қоғамдық көлік жұмысы уақыт пен жолау­шылар санын 50 пайыз­ға шектеп,
санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау арқылы қайта жанданады.

Көшеде, саябақтарда, сквер мен жағалауларда үш адамнан артық топтасуға болмайды.

Таза ауада әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке және топпен жаттығуға, ұлттық құрамаларға 30 адамнан аспайтын топпен спорттық жаттығулар жасау­ға рұқсат етіледі.

Қандай тыйымдар күшінде қалды?

• барлық бұқаралық шаралар, көңіл көтеретін мекемелер, кинотеатрлар, фудкорттар мен банкет залдарының қызметі;
• мейрамханалар, барлар, ойын және түнгі клубтар қызметі;
• мәдениет нысандары, мұражай қызметі мен конференция, көрме және форумдар өткізу;
• спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, аквапарк жағажайлары;
• діни нысандардың жұмысы;
• қала маңы жолаушылар пойыздары (электричка), ортақ вагондар, қалааралық автобустардың қозғалысы (микроавтобустар).

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − 13 =