Талапқа көнбегендер тәртіпке шақырылады

0 17

ҚР Президенті жанындағы ОҚК-де өткен брифингте Әділет министрі Марат Бекетаев және ҚР Әділет министрлігінің заңнама департаментінің директоры Олжас Данабеков «Төтенше жағдай уақытында карантиндік режимді бұзған азаматтардың жауапкершілігі мәселесі» тақырыбындағы сұрақтарға жауап берді.ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындарына егер полиция қызметкері оларды көшеде тоқтатып, қайда бара жатқандарын айтуды сұраса, не істеу керектігін түсіндірді. «Ең бастысы, сабыр сақтау. Дау-дамайдың керегі жоқ, азамат үйден шығу мақсатын егжей-тегжейлі түсіндіріп, жұмыс берушінің нөмірін беру керек, полиция қызметкері қоңырау шалуға келіседі. Егер олар хаттама жасаса, сот оны онлайн режимінде қарайды. Қазірдің өзінде сотта дәлелдер мен дәйектер келтіріліп жатыр» деді министр.
Карантин режиміндегі қала тұрғындары азық-түлік сатып алу үшін үйден қаншалықты алыстап кете алады деген сұраққа жауап бере отырып, Марат Бекетаев «жақындық» заңды мерзім емес екенін айтты. «Әртүрлі қалаларда әртүрлі қашықтықтарды қолдануға болады. Мысалы, Алматы қаласы үшін шартты қашықтық – 500 м. Әрине, әртүрлі қашықтықтар әртүрлі жағдайда қолданылуы мүмкін. Соттың қалауы бойынша адамдар ақылға қонымды қашықтықты басшылыққа алуы керек. Қашықтық өзгеруі мүмкін, кейде 300 м. негізсіз болуы мүмкін» деді министр. Ал карантин кезінде той ұйымдастырушы мен оған қатысушылар карантинді бұзғаны үшін бірдей жауапкершілікте болады. Бұл туралы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабының ережелері бар. Яғни, бұл тойдың ұйымдастырушысы, сонымен қатар тойға қатысушысы екеуі де карантинді бұзғаны үшін бірдей жауапкершілікте болады. Бұл 26 мың теңге айыппұл немесе 15 күнге дейін қамауға алу» деп түсіндірді Марат Бекетаев. Сондай-ақ Әділет минис­трлігінің басшысы сот әртүрлі жағдайларды ескеріп, түрлі құқық бұзушыларға санкциялар қолдануы мүмкін екенін айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + three =