Талап бұзғандарға – тосқауыл

0 47

Өткен демалыс күндері қаланың барлық ауданында карантин талаптарын бұзу фактілері тіркелді. Өткен апта соңында мониторингтік топтар 10 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Атап айтқанда, Алматы ауданы Нәжімеденов көшесі, 14 мекенжайындағы «Панаехали» барында карантин талаптары бұзылған. Сол сияқты Байқоңыр ауданында Кенесары көшесі, 65 мекенжайында орналасқан «С кайфом» лаундж бары да санитарлық-эпидемио­логиялық нормаларды ескермеген.
Ал Есіл ауданында 7 ойын-сауық мекемесі карантин режимін бұзған. Сарыарқа ауданында «Respawn» компьютер­лік клубы да қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысын көзге ілмей, сағат 23:00-ден кейін қызмет көрсеткені анықталды.
Барлық фактілер бойынша жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 − two =