ТАЛАНТТАР ТАРТУЫ

0 144

Ұлыстың ұлы күні келді. Күн мен түннің теңелген, жер мен көктің мейірімге кенелген асыл мейрамның біз үшін орны ерекше. Дала да, қала да шуаққа толы бұл күнді ерекше атап өтеді. Дәстүрлі мерекені Астана қаласындағы Қаржы академиясының колледжі де айрықша тойлады.

Оқу орнының оқытушылары мен студенттерінен құралған алты ауыл мәз-мейрам болып, таңнан жарапазан айтып, бір-біріне қонақкәде тарту етіп, ұлттық салт-дәстүрімізден көріністер көрсетті.

Шаңырақ көтерілген кең сахнада өнер көрсеткен таланттар Нау­рыз тойына жиналған жарқын жүзді жандарды қуананышқа бөледі. Жастар үшін тәрбиелік мәні мен мағынасы зор әз-Наурыздың құндылығы жыл сайын артып келеді. Бізді мейірімге бөлеген көктем мейрамында барша халқымызға бақыт, ырыс , ынтымақ тілейміз.

Алтайгүл МАХМЕТ,

оқытушы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − fourteen =