ТАЛАНТТАР ДОДАҒА ТҮСЕДІ

0 119

13 желтоқсан күні «Жастар» сарайында 16.00-де Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар – тәуелсіздік тірегі» атты фестиваль өтеді. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орайластырылған.

Елорданың жас өнерпаздары байқау бағдар­ламасына сәйкес, «Патриоттық әндер», «Халық әндері», «Заманауи билер», «Сәу­лет» және «Қолданбалы декоративті өнер» аталымдары бойынша бақ сынамақ. Оған белгілі өнер қайраткерлері қазылық етеді. Байқаудың мақсаты жас дарындарды анықтап, шығармашылық мүмкіндіктер туғызуға бағытталған. Сондай-ақ, мерекеде білім орда­ларындағы белсенді студенттер анық­талып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың іріктеу туры 10 желтоқсанда бас­талады. Қатысамын деушілерге есік ашық!

Қосымша ақпаратты 70-33-10, 87014422936 телефондары арқылы біле аласыздар!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − 9 =