Талабы оңғарылған Таңат

0 125

Астана қаласының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп жатқан өз ісіне үлкен жауап­кершілікпен қарайтын адал қызметкерлердің абырой-беделін көтеретін  «Астана таңдауы-2013» байқауына ұсынылып отырған үміткерлеріміздің бірі – дәрігер Таңат Жылгелдинов.

№1 қалалық ауруханаға Та­­ңат Аман­тайұлын іздеп бар­­ғанымызда, жұ­мыс десе жұмыр басы дамыл көр­мей­­тін жанға қаралуға жазыл­ғн адам­дар каби­не­тінің алдын­да қаптап тұр екен. Тілші келді деге­ніне қара­мас­тан, әуе­­лі төрт-бес адам­ды қа­был­­дады.

– Науқастар да мүсәпір жан­дар. Оларды ұзақ сарылтып, күттіріп қоюға болмайды, – деп бізге түсініс­тікпен қарауын өтінді.

Небәрі 29 жастағы жас ма­ман бүгін №1қалалық ау­руха­на туралы тұр­ғындар ара­сын­да оң көзқарас қалып­­тас­­ты­руға бір кісідей ат­са­лысып жүр.

Ол 1984 жылы тамыз айы­ның екінші жұлдызында Павлодар облысы, Баянауыл ау­да­нының Май­қайың ауылын­да дүниеге келген. Сол жерде­гі № 2 орта мектептің 2001 жыл­ғы түлегі.

Сол жылы Қарағанды ме­дицина­лық академиясына түсіп, оны 2007 жылы тә­мамдап, 2007-2008 жылдары «Оториноларинголо­гия» ин­тер­натурасына барады. Ал, 2009 жылы лор ма­ман­дығы бойынша рези­ден­­тураны бітіреді. Онымен қоса, жас дәрігеріміз Германия мен Из­раильде де білім алған. 2009 жыл­дың күз мезгілінен бері ел­ор­да­­мыздың жаңа пайда­ла­нуға берілген зама­науи жаб­дықты ауруханасында дәрігер-орди­натор ретінде қызмет атқа­рып келеді.
Жақсы дәрігер болу үшін ол ма­ман­дыққа қызығушы­лық­пен келу аз­шы­лық етеді. Ақ халаттылар а­быройына кір келтірмей, адам өмірі­не жауап­кершілікпен, жана­шыр­лық­пен қараулары керек. Тар жерде та­­бан­ды­лық, тап­қырлық қажет. Дә­рі­гер Таңат Амантайұлының бойы­на осы қа­сиет­тердің бар­лығы дарыған.
Осы күнге дейін көптеген жан­дар­дың өмірлеріне араша түсу мақсатында ота жасап, ғұмырын ұзартты. Ал, оториноларингология бөлі­мінің бас дәрігері демалысқа шыққанда, өзінің жұмысын Таңат Амантайұлына се­ніп тапсыратын­ды­ғы оның өз ісіне немқұрайлы қарамай­тындығын білдірсе керек.

Қандай сырқатпен келме­сін, бар­лық науқасты жылы шыраймен қар­­сы алып, мұ­қият емдеп, аяққа тұ­руы­­на ба­рынша күш-жігері мен бі­­лім-білігін салатын Таңат Аман­­тайұлы­на жұрт­тың ал­ғыстан басқа айтары жоқ.

Осы күні қиыншылығы көп ұзақ жол деп медицина ма­­мандығына жас­тар­дың кө­бі бара бермейді. Ұзақ жыл оқуынан, адамдар ал­дын­­­­дағы жауап­кершіліктен сыр­­ғақтайды. Ал, оқып кел­­ген­­дерінің өзін қайта тәрбие­­леуге, шыңдауға тура ке­л­е­ті­нін аға буын медицина май­­тал­ман­дары айтып жүр. Өзі­нің аға­буын әріп­тесте­рі­нің айтуынша, Таңат он­дай ол­­қы­лықтардан ада, ма­ман­ды­­­ғына шын берілген жан.

Алтынай БАЙДАҚОВА, А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университетінің 2-курс студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 5 =