«ТАЙЖАРЫС» ТАЛАПТЫНЫ ТАҢДАЙДЫ

0 129

Без имени-1

Биыл үшінші рет өтіп жатқан «Тайжарыс» рес­публикалық балалар радиофестиваліне еліміздің барлық аймақтарынан 500-ге тарта өнерпаз әндерін ұсынды.

Қазақ радиосы. «Шалқар» ұлттық радиосы және «Атадан – мұра» қоры бірлесіп өткізетін дәстүрлі байқауға түсіп, қазылар алқасының сынағынан өткен 100 ән осыған дейін радио эфирге шығып үлгерді. Ал, олардың арасынан 80-ге жуығы байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алды. Ал, ақтық сындар 28-30 сәуір күндері Шучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқушылардың сауықтыру орта­лы­ғында өтетін болып отыр. Мұнда тек жеңімпаздар мен жүлдегерлер анық­талып қоймай, өнерпаз балаларға өнер майталмандары шеберлік сабақтарын да өткізеді.

Осы байқаудың тұрақты де­меу­шілері «Атамекен» және «Нұр-ай» компанияла­ры жүзден жүйрік шыққан жеңім­паз­ға жыл сайын Түркияда өтетін «ART OLIMPIA» халық­­ара­­лық байқауына жолдама беретін болады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + 17 =