Тағылымды жұмыстар атқарылды

0 88

Жеделсөз

Елорданың мәдениет басқармасы биылға үлкен міндеттер белгіледі. Қалада саланы дамыту стратегиясы­ негізінде қызметтің үш бағыты айқындалды. Осы тұрғыда қаладағы мәдени мекемелердің жай-күйі, тыныс тіршілігі туралы Астана қаласы Мәдениет бас­қар­ма­сы басшысының кеңесшісі Кәмила Қоқымованы әңгімеге тартқан едік.

– Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттау жайы қалай?

– Бүкіл адамзат тарихы дамуының ажырамайтын байланысы, өзара қатынасының нәтижесі болып табылатын материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтауға бәрі­міз­ борыштымыз. Бұл бағытта 2011 жыл­дың­ 1 наурызында Астана қаласының әкім­дігі Қаржы басқармасымен бірлесіп «Ескерт­кіш­тер мен мүсіндерді Астана қаласының ком­муналдық меншігіне қабылдау туралы» қаулы қабылдады.

Қазір тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау мақсатында тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін рәсімдеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қала құрылысы және сәулет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін қажет ететін 35 объект және 12 археологиялық ескерткішке қорғау міндеттемелері жаңа үлгіде бекітілді. Бұл шаралардың алдында Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту, ескерткіштердің қорғау аймақтары және құрылысты реттеу аймақтарының шекараларын бекіту, ескерткіштерге қорғау тақ­та­ларын орнату, тарихи-мәдени мұра жина­ғын баспадан шығару шаралары атқа­рыл­ды. Нәтижесінде, Астананың 47 тарих және мәдениет ескерткіштері бес сатылы қорғауға ие болды. Биылғы жылы ескерткіш мәр­те­бесіндегі «Жастар» сарайына (1974 ж.)­ жөндеу-реставрациялық жұмыстары, 2014 жылы XIX ғасырдың тарих және мәдениет ескерткіші болып табы­латын «Жасыл мешітті» (1895 ж.) жөн­деу-қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған.

Сонымен қатар, Қазіргі заманғы өнер мұражайында 422 экскурсия, 557 көрме, С.Сейфуллин мұражайында 246 экскурсия, 14 көрме, «Атамекен» Қазақстан Картасы Этно-мемориалдық кешенінде 196 экскурсия, «АЛЖИР» мұражайында 373 экскурсия, 15 көрме ұйымдастырылды.

– Мәдениет және өнер саласында бәсе­ке­ге қабілеттілік туралы не айтасыз?

– Астана қаласының мәдениет және өнер саласының бәсекелестікке қабілеттілігінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету мәдениет кәсіпорындарының театрлық-концерттік қызметін жақсартуға ықпал етеді. Музы­ка­лық өнердің барлық жанрларын репер­туар­да сақтауға мүмкіндік тудыратын Мем­ле­кет­тік филармонияның жарнамасы жасал­ған. Осы негізде, I жартыжылдықта 196 концерттік шарамен, 30 гастрольдік кон­цертпен, шетелдік 8 сапарға шығып, 1 004 712 көрермен қамтылды. Атап айт­қан­да, симфониялық оркестрдің – 13, үрмелі аспаптар оркестрінің – 8, «Солистер ака­де­мия­сының» – 5, «Сарыарқа» қазақ ұлттық аспаптар ансамблінің ұлттық вокал солистерінің 9 концерті өтті.

– Қала халқының мәдени өмірін байыту тұрғысында қандай жұмыстар атқарылды?

– Биылғы I жартыжылдықта қала мұра­жай­ла­рында 65 жаңа көрме ұйым­дас­ты­ры­лып, 1237 экскурсия жүргізілді, 82 дәріс оқылды. Аталған іс-шараларға 65949 адам қатысты.

Астана қаласы әкімдігінің «Орта­лық­тан­ды­рыл­ған кітапханалар жүйесінде» 23 кітап­хана бар. Оның 15-і – көпшілік, 6-уы – балалар кітапханасы.

Кiтапханалардың барлық оқу залдарында Қазақстан өмiрiн­де­гi, елордадағы маңызды оқиғаларды айшық­тай­тын: «Қазақстан – 2050» Стратегия­сы қалып­тас­қан­ мем­ле­кет­тің жаңа саяси бағыты»; «Тұлғалар мен құжаттар тарихы»­ көр­ме­лері жұмыс iстейдi. Кiтапхана мамандары бұл бағдарламалық құжаттың негiзгi ережелерi бойынша оқырмандар арасында түсiндiрме жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді.

Сонымен бірге, мемлекет, қоғам қай­рат­кер­лері, жазушылар мен композиторлардың шығармаларымен таныстырылып, мерейтойлар мен айтулы даталарға арналған іс-шара­лар өткізіледі.

Таңатар Төлеуғалиев

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + sixteen =