ТАҒЫ ДА ҮЗДІКТЕР ТАҢДАЛАДЫ

0 116

1304

Жыл сайын Астана күні қарсаңында өтетін игі шаралардың бірі «Астана таңдауы» байқауы болып отыр. Биыл да айтулы шара арқылы қажырлы еңбегімен ерекшеленетін қарапайым астаналықтарды танитын боламыз.

Байқаудың шартына сай биыл «Мұғалім», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инс­пектор», «Дәрігер», «Энергетик» , «Жол жөндеуші» және «Құрылысшы» мамандықтары бойынша үздіктер таңдалатын болады. Ал, кімдерді үздіктер қатарынан көреміз?! Міне, осы таңдау сіздер мен біздер­дің қолымызда, құрметті астана­лық­тар. Ол үшін өзіңіз білетін еңбек адамы туралы Астана қаласы әкімдігінің www.astana.qov.kz сайтына ұсынысыңызды жіберіңіз.

Байқауға түскен үміткерлерге дауыс беру 1 маусымнан бас­талып, 25 маусымға дейін жал­ға­сатын болады. Бір адам бір үміткерге бір-ақ рет дауыс бере алады. Осылайша халық­тың ілтипатына бөленіп, ең көп дауыс жинағандар «Астана таңдауы – 2014» байқауының жеңімпазы атанады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − five =