«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тағдыр тоғыстырған

0 142

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Алғыс күніне арналған «Тағдыр тоғыстырған» атты құжаттық көрме ашылды.

Мұнда Қазақстан халқы ассамблеясының құрылу құжаттары, сонымен қатар еліміздің тарихындағы қиын-қыстау кезеңдерде, атап айтқанда, жаппай қуғын-сүргінге, 1936-1949 жылдары Қазақ­станға жер аударылғандарға қатысты қабылданған құжаттардың көшірмелері қойылған.
Тарих тағылымын ұсынған көр­­мені мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері та­ма­­шалады. Сондай-ақ алғашқы келу­­шілер қатарында мектеп оқушы­лары мен студент жастар да бол­ды. Олар көрме сөресіне қойыл­ған құжаттарды қызығып көрді.
Шара барысында Астана қаласындағы неміс этномәдени орталығы қазақ жеріне жер аударылған ата-бабаларының өмірі жайлы жүрек тебірентерлік қойылым ұсынды. Татар-башқұрт және армян этномәдени бірлестіктері өкілдері де Қазақстанды өз отанымыз деп ыстық ықыластарын айтты.
Ұлттық архив директоры Жангелді Махашов бастаған мекеме қызметкерлері келушілердің бәріне көрме құжаттарын таныстырды. Көрме бір ай бойы жұмысын жалғастыратын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды