Тағайындау

0 26

Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды.
Дәулет Кәрібектің басқа жұмысқа ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Сақтаған Сәдуақасов тағайындалды.С.Сәдуақасов 2004 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2009 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінің маманы лауазымынан бастап, 2009 жылға дейін жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында еңбектенді. Сондай-ақ әр жылдары Nur Otan партиясының орталық және қалалық филиалында түрлі лауазымдарда, оның ішінде Nur Otan партиясы орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.
39 жасар Сақтаған ­Сәдуақасов меритократия қағидатына сәйкес маманнан бастап басшылық ла­уазымдарға дейінгі жолдан өтті. Nur Otan партиясы елордалық филиалының төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Сақтаған Садуақасовтың алдына партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын табысты іске асыру бойынша бірқатар міндет қойды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − seven =