Табыстарымыз таразыланады

0 145

Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің дәстүрлі брифингі өтті. Орталықтың ресми өкілі Алтай Әбибуллаев осы аптада өтетін маңызды оқиғалар легімен таныс-тырды. Соның маңыздысы – бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін жалпыұлттық телекөпір.

– Қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық мүддесінің өзегі индус­триял­дық-инновациялық даму­дың басты бағыты шикізатқа тәуелділіктен арылып, үдемелі индустриялдық-инновациялық даму негізінде ұлттық өндірісті дамыту, өндірістік шикізат арқылы жасампаз экономикаға өту екені белгілі. Ұлттық экономиканы индустрияландыруға бағытталған барлық шаралардың мақсаты – ұлттың әл-ауқатты дамуының үдерісі мен әрбір қа­зақ­стандықтың өмір сүру сапасын арттыру. Осы орайда 25 жел­тоқсанда Астанада Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін кезекті жалпыұлттық телекөпірде индустрияландыру картасы жобалары іске қосылады, – деді А.Әбибуллаев.

Онда ҮИИД бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыла­нып, алдын ала қоры­тындылары шығарылады. Келер күннің межесі белгіленеді.

Сондай-ақ, шара барысында «Алтын сапа», «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» атты дәстүрлі байқаулардың лау­реаттарын марапаттау рәсімі жоспарлануда.

Айнұр САНАБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + 8 =