«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Табиғи газ орнатылды

0 33

Нұр-Сұлтан қаласының «Интернациональный» тұрғын алабының тұрғындары өз күштерімен 5,5 млн теңгеден астам қаражат жинап, табиғи газ қазандығын орнатты. Бұған дейін «Есіл» ТК тұрғындары үйді сұйытылған газбен жылытатын. 1 шаршы метрге шамамен 450 теңгеден төлеп тұрды. Бұл  тиімсіз болғандықтан, тұрғындар сұйытылған газдан табиғи газға көшті.

201116075427645a3718925i

«Газды қосу үшін біз өткен жылдың жазынан бастап ақша жинай бастадық. Сонымен қатар, құжаттар мен хаттамаларды реттедік. Енді шамамен 1 шаршы метр үшін 150 теңге төлейтін боламыз. Жаңа жылға дейін 450 теңге болды. Бұл өте тиімсіз еді. Қазір бізде табиғи газ орнатылды. Қатты қуанып тұрмыз, себебі бұл әлдеқайда арзан және қауіпсіз» деді «Есіл» тұрғын үй компаниясының басқарушы директоры Зарина Сайтбагина.

Тұрғындар жаңалыққа өте қуанышты. Олардың айтуынша, жергілікті әкімдік тарапынан бұл мәселе бойынша қолдау көрсетілген.

«Біз Алматы ауданы әкімдігі тарапынан тұрғындарға газ қазандығын орнатуға құжаттарды жедел рәсімдеуге көмектестік. Бір ай ішінде құжаттар бойынша барлық жұмыстар дайын болды. Сөйтіп, бірден іске қостық» деді Алматы ауданы әкімінің бас инспекторы Мадияр Түкпатов.

Аталған тұрғын үй кешенінде жалпы ауданы 5500 шаршы метр болатын 95 пәтер бар.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды