СЫР ӨҢІРІНЕН ЖЕТКЕН СЫЙ

0 140

35324

Астанаға Қызылорда облысының Жайылма ауылдық округіндегі «Жиделі», «Шоқмазар» шаруа қожалықтарының диқандары бір мың тоннадай қарбыз жіберді.

Биыл осы өңірде бау-бақша өнімдері бітік шығып, жергілікті диқандар өздерінен артылғандарын солтүстік облыстарға шығарып саудалауда.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас агрономы Т.Базарбаевтың айтуынша, қарбыз бағасы қолжетiмдi, келісі ауылда 25-28 теңгеден сатылады. Ал, елордада оның қандай бағамен сатылатынын жеткізушілер белгілейтін болады. Бір анығы, науқан соңына дейiн 10-17 мың тоннадан астам бақша өнiмдерiн сату жоспарланған.

Жұма ҚАЗИЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − four =