Сыр мен тобыл сыйы жетті есілге

0 117

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Арқаға келіп, арқа-жарқа болып жатқан жағдайымыз бар. Биыл біз үшін қуанышты жағдай Сыр өңірінің  күрішшілері рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, гектарынан 49 центнер өнім алды. Осында келіп, ауыл шаруашылығы министрімен, «КазАгро» басшыларымен жоспарларымызды талқыладық. Қаладағы зәулім ғимараттарды да көріп, көтеріліп қалып жатырмыз. Біз Астанаға қарап бой түзейміз» деп, осындай мүмкіндікті туғызған Иманғали Нұрғалиұлына ризашылығын білдірді. Елордалықтар өңірлер ұсынған мәдени бағдарламаға да сусындап қалды.

Еліміздегі ең ірі астықты өлкеде өсетін арпа, бидай, сұлы секілді дәнді дақылдардан көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, екі өңір көз тартар қолөнер бұйымдарын ел назарына шығарды. Қостанайдан арнайы келген белгілі композитор Қалибек Деріпсалдиннің және Сырдан жеткен жерлестерін қолдаған Елена Әбдіхалықованың салған әндері халық көңілін көтеріп тастады. Әрине, олардан басқа да өнерпаздар өнерлерін көрсетті. Жалағаш ауданындағы «Бай Табын» ЖШС мен «Мираж» шаруа қожалығы қонақжайлылық танытып, өздері тіккен киіз үйден талай адамға дәм татырды. Арзан бағаға сатылған Аралдың балығын, Сырдың ақталған күрішін алушылар қарасы мол болды. Бір «әттеген-айы» жәрмеңке бір күн ғана жүрді. Сондықтан да шығар, кейбір өнімдердің аз әкелінгені білінді. Мәселен, Рудный қаласындағы «Жас қанат – 2006» құс фабрикасы әкелген 18 мың жұмыртқа түске дейін-ақ өтіп кетіп, көп тұтынушыға жетпей қалды.
Картоп та дәл осылай тез сатылды да кетті. Бірақ, өкінетіндей негіз жоқ. Алда әлі екі жәрмеңке бар. Сол кезде жетпей қалған азық-түлік түрін сатып алуға болады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 4 =