СЫПАЙЫ ЖҮРГІЗУШІГЕ – СЫЙЛЫҚ

0 124

DSC_3573

Кеше Астана көшелерінде «Сыпайы жүргізуші» акциясы өткізілді.

Жол-патрульдік полиция инспекторлары қозғалыс реттелмеген жолдарда жаяу жүргіншілерді, аулалар мен жанармай құю станцияларынан шығып келе жатқан басқа жүргізушілерді өткізіп жіберген, жол қозғалысында сыпайылық сақтайтын жүргізушілерді анықтады. Оларға «Сыпайы жүргізуші» деген жазуы бар карточкалар табыстап, сыйлықтар ұсынды.

Үлгілі көрінген жүргізушілерге осы акцияны ұйымдастырған Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасы атынан «Авторадио» арқылы алғыс айтылды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − eleven =