«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ

0 245

306ffd86daa06bc9bad8e39574462d27

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында мектеп оқушыларын оқыту нәтижесіне оларды сындарлы ойлауға, өзіндік ізденістері мен ақпаратты терең талдауды игеруге баули қажеттілігі айтылған болатын.

Білім берудің заманауи мақсаты – оқу­шыларды өз бетімен білім алуға үйрету, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пай­далануға  машықтандыру болғандықтан, Астана қаласындағы №14 мектеп-гимназиясының мектеп директоры Надеин Олег Анатолевич қыркүйек айынан бастап «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» ашық сабақтарын жиі өткізіп тұруды қолға алды. Ашық зерттеу сабақтарын өткізу бірінші (ілгері) деңгейдегі бағдарламалар бойынша оқып, сертификат алған оқу ісінің мең­герушісі Татьяна Кольцова, физика пәні мұғалімі Усабекова Гүлайым және бастауыш сынып мұғалімі Нұрғайша Жоланованың жүйелі жоспар құрып басшылық етулерімен іске асуда. Үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (ілгері) деңгейлердегі бағдарламалар бойынша оқып, сертификат алған мұғалімдердің шебер ұйымдастырған ашық сабақтарына жас мамандар, деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдер қатысып, тәжірибе алмасты. Мұғалімдер Блум таксономиясымен оқушылардың шығармашылық қабілетін және пікірталастық, әңгіме, диалогтік оқыту арқылы тілін дамыту мұғалімнің берген түрлі деңгейлік тапсырмалары оқушыларды сындарлы ойлантып, жаңа ақпаратты өз беттерімен меңгеріп, бақылап, талдап, қо­рытынды жасауына бағыт беру тәсілдерін практика жүзінде көрді.

Ашық сабаққа қатысқан мұғалімдер мектеп оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту төңірегінде сөз қозғап, талқылап, жұмысты бұдан әрі жақсарту үшін өз ұсыныстарын енгізуде. Жас мамандар мен деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдер де өз беттерімен ізденіп, ашық сабақтар беруді ұйғарды. Мектепте сындарлы білім беруге баса назар аударылып келеді. Жас ұрпақтың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту – бұл ХХІ  ғасыр талабы. Сыни тұрғыдан ойлау маңызды болғандықтан, елжанды мұғалімдер көп іздене отырып, бағдарламаның 7 модулін сабақ барысында пайдаланып, мектеп оқушыларының сындарлы ойлауын дамытып келеді. Мектеп оқушыларының жұппен, топпен және жеке өз беттерімен жұмыс жасауы алған білімдерінің нәтижесін арттыруда. Ұстаздарымыз білім беру барысында әрбір әрекетті оқушылардың өздеріне істетіп, алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйретіп, алға қойған мақсаттарына жетуде.

 

 

Айсұлу СЫЗДЫҚОВА,

№14 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды