©2020 Астана Ақшамы
Сынақтан сүрінген жоқ
«Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінен президенттікке үміткер Сәдібек Түгел мемлекеттік тілден емтиханды жақсы тапсырды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте лингвистикалық комиссияның мүшесі Ғарифолла Есім хабарлады.
– Президенттікке үміткер Сәдібек Түгел емтихан тапсырды. Ол үш кезеңдегі тапсырмаларға тиянақты жауап берді. Алғашқы кезеңде «ТМД-ның бүгіні мен келешегі» атты тақырыпта шығарма жазды. Пунктуациялық ескерту ғана жасалды. Шығарма өте сәтті жазылған. Екінші кезеңде жазушы Әбіш Кекілбайұлының «Дала балладасы» шығармасын мәнерлеп оқып берді. Үшінші сынақ – 15 минуттық еркін әңгімелеу. Ол өзінің ата-бабалары туралы тақырыпты таңдап алды. Бұл жолы да комиссия мүшелері С.Түгелдің сөйлеу қабілетіне ризалық танытты. Сөйтіп, үміткер берілген тапсырмалардың бәрін ойдағыдай орындап, мемлекеттік тілді еркін, толық меңгергендігін дәлелдеді, – деді Ғарифолла Есім. Сәдібек Түгел берілген тапсырмаларды орындауға екі сағат уақыт жұмсаған.