Сынап шамға арналған контейнер

0 17

Қаланың 4 ауданында құрамында сынап бар шамдарды, термометрлер мен батареяларды жинауға арналған 600-ден астам контейнер орнатылды.

Бұл – елордада қала экологиясын жақсарту бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізу бағытындағы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы. 1 қарашадағы жағдай бойынша осыған дейін 500-ден аса шам лампалары жиналған. Осылайша, 3 миллион 908 мың текше метр ауаның улы бумен ластануына жол берілмеді. Сонымен қатар контейнерлерге қызмет көрсету кезінде компания вандализм және басқа да бірқатар мәселелерге тап болады. «Тұрғындар шамдарды сонда тастайды, біздің компания контейнерлерден жинап, зауытқа әкеліп, зарарсыздандырады» дейді «НТП Kazecotech» ЖШС бас директоры Владимир Андреев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 9 =