Сылқым сұлудай субұрқақтар

0 17

Елордаға сән беретін,тұрғындары үшін демалыс орны болып саналатын субұрқақтарды қаланың барлық аудандарынан көруге болады. Олар мамыр айы басталғалы жұмыс істеп тұр.Субұрқақтардың көбі, атап айтқанда, 48-і Есіл ауданында орналасқан. Нұржол бульвары, ЭКСПО-2017, «Жетісу» саябағы мен Ботаникалық бақта орналасқан төрт субұрқақтың музыкасын баптау жүргізілді. Байқоңыр ауданындағы 4 субұрқақта жөндеу-қалпына келтіру жүргізілген. Оның ішінде біреуі Есіл сауда үйінің маңында орналасса, қалғаны «Жастар» сарайының аумағында тұр. Сарыарқа ауданында 11 субұрқақ бар: «Ақжайық» субұрқағы, «Өмір ағашы» субұрқағы, «Қазақ драма театры» субұрқағы, «Футбол ойыншылары» субұрқағы, Фонтандардың каскады, «Жастар» театрындағы субұрқақ, «Әлия» субұрқағы, «Атырау» субұрқағы, М.Әуезов және Мәскеу көшесінің алаңындағы субұрқақ, Абай даңғылы бойындағы субұрқақ, «Сарыарқа» субұрқағы. Алматы ауданында он субұрқақ бар. Олар Қазақ елі алаңында, Тәуелсіздік сарайында, Хазірет Сұлтан мешітінде, «Отан қорғаушылар» монументінде, Президенттік парк кешенінде, Бейбітшілік және келісім сарайының алдында, «Қазақстан» спорт кешені, Б.Момышұлы атындағы сая­бақта, Оқушылар сарайының жанында орналасқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 1 =