Сыйымдылығы кең мектептер

0 36

Елордада сыйымдылығы 1200-2000 оқушыны қамтитын білім нысандары салынады. Бұл қала мектептеріне түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді. Өзінің Instagram парақшасында осылай деп жазған Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан білім нысандары туралы мәліметтерді жариялады.

«Т.Рысқұлов және №36, Е171 көшелерінің қиылысында орналасқан оқу орнының құрылысын көріп қайттым. Бұл мектепті биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Осы жылы салынатын мектеп саны – 12. 2021 жылы тағы осынша білім нысаны салынады.
Мектеп, балабақша, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік нысандарды салған кезде дизайн-код ережелерін ұстанамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес стилистикалық тұрғыда бірыңғай, жайлы әрі қауіпсіз қаланы қалыптастыратын дизайн-код бекітілді» деп жазды А.Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + sixteen =