Сыбаға беру салтымыз еді

0 1  144

Өте алыс жерлерде тұратын туыстарға, әсіресе, жасы үлкейген кісілері бар туыстарға сыбаға бөлінетін әдет-ғұрып болған. Оны ірі малдан, ұсақ малдан, азық-түліктен болсын «жеңсік ас» деп бара жатқан адамдардан беріп жібереді не апарып береді.

Ертеректе үлкендерімізге жөн-жоралғы ретінде көйлек-жаулық, шапан тарту етілетін. Беретін сыбағаны ерекше баптап, сақтап қоятын. Айранды баптап, ашытып құрт жасайтын. Көктем кезінде дайындалған сары майды бұзылмасын деп қарын мен бүйендерге салатын. Майлы сүттен сары ірімшік дайындайтын. Сары ірімшіктің сары суынан «сарысу» жасайтын. Ал, сүрленген еттің жөні бөлек. Оның сыйлы мүшелері мен қазыларын бүтіндей, қой етін қарынға тұздап, бұрыштап, алыстағы ағайынға бөлек-бөлек беріп жіберетін.
Төрт түлік малдың берекесі – татулықтың, сыйластықтың, үлкендерді сыйлаудың, өсіп келе жатқан ұрпаққа бірін-бірі туыс-бауыр, ағайын, жекжат, нағашы-жиендердің татулығына бастайтын ұлттық тәрбиеміздің керемет үлгісі болатын.
Бүгінде Астананың супер­маркеттерінің сөресінде тұрған нәрсе ауылдың дүкендерінде де бар. Бір-біріміздің қолымыз жетпейтіндей таңсық дүние жоқ секілді. Алайда, қаладағының ауылдағы ағайынға, ауыл­дағы­ның қаладағы туысына деген бауырмалдығы мен сыйластығын білдіретін құр­меті азайып бара жатқандай. Мұндайда сыбаға туралы айтқанның өзі айып…

Түймеш БЕКБАСАРОВА,
ардагер ұстаз

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =