Суреттер сыр шертеді

0 109

Астанадағы Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық гопитальда Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетімен бірлесе ұйымдастырған «Бейбітшілік бақыт сыйлайды» атты фотобайқаудың салтанатты қорытындысы шығарылды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ардагерлер мен Университет оқытушылары қатысты. Сондай-ақ, шет мемлекет Елшіліктерінің, «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК мен Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшы-қосшы мамандары арнайы шақыртылған. Олар өз кезектерінде залда отырған әріптестері мен үміткерлерге жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен, І дәрежелі дипломмен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, Кембридж университетінің магистранты Руслан Оразалиев марапатталды. Ал, ІІ дәрежелі дипломды иеленуге Фархат Маслов лайық деп танылса, одан кейінгі орындарды Тимур Дәрібай, Мейірхан Ахметов, Ерлан Сүлеймен және Анна Дьяченко қанағат тұтты. Көрменің қорытындысы кезінде барлық фотосуреттер госпиталь иелігіне берілді.

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 2 =