«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Сурет сыры

0 211

Бұл сурет 41 жыл өтсе де көзге оттай басылады. Ол жылдары Қазақ телевизиясының жылжымалы телестанциясы Алматы қаласының орталық алаңында орналасып, жыл сайын екі үлкен мейрам – 9 мамыр Жеңіс күні мен 7 қараша – Октябрь революциясының мерекесінен репортаж жүргізілетін. Салтанатты күнге қатысушы ардагерлермен сұхбаттасып, елге таныс­тыратын. Ұлы Жеңістің 31 жылдығына арналған 1976 жылғы мерекелік шеруге қатысушылардың арасынан Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, майдангер ақын Қалижан Бекхожин мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, «Большевик» совхозының директоры, Сталинград майданының жауынгері, Социалистік Еңбек Ері, Кеңес Одағындағы ордендерін түгелдей омырауына таққан шаруашылықтың шебер ұйымдастырушысы Шаблан Ділдәбековті көреміз. Оның сол жағында тұрған Қазақ КСР Мемлекеттік баспа комитетінің Бас редакторы Шәрібек Есмырзаев, суреттің сол жақ шетінде тұрған Қазақ телевизиясының директоры Айдос Абылаев және қызуы басылмаған «Құрмет Белгісі» орденін омырауына таққан тележурналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері Қажы Қорғанұлы.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды