Сурет салған кезде өзімді бақытты сезінем

0 91

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық жергілікті полиция бөлімінің ювеналдық полиция инспекторы Динара Баржаксина үшін ювеналдық полиция бөлімінде жұмыс істеу – оның өміріндегі ерекше кезең.

Динара органдарда 2018 жылдан бері жұмыс істейді, ол өз кәсі­бінің негізгі міндеті бала­лардың құқықтары мен мүдделе­рін қорғау екенін түсініп, кәмелетке толмағандармен сенімді қарым-қатынас орнатты.
Мектеп бітіргеннен кейін ата-анасының нұс­қауымен заңгерлікті таң­даған Динараның суретке қабілеті бар, болашақта шығармашылықпен айналысуды армандайды. Ол мектепке бармай тұрып сурет салғанды ұнататын. Қайда барса да қолынан қарындашы мен сурет альбомы түспейтін. 2014 жылы Петропавлда теледидарда бейнекамерист болып жұмыс істеп, содан кейін портреттерді салуға көбірек ден қоя бастаған.
«Егер мен қолыма ұзақ уақыт қарындаш алмасам, сурет салуды кәдімгідей сағынатынымды байқаймын. Адамдарға қарап оларды қағазға қалай бейнелейтінімді және олардың бейнесіне не қосатынымды елестетемін. Әсіресе, қоғамдық көліктерде адам­дардың бет пішіндеріне қарап олардың бәрін суреттегім келеді, ерекше, әдемі адамдардың келбеті мені шабыттандырады. Кейде мен адамдарға тым ұзақ қарап қалғанымды байқамай, ыңғайсыздық кешетінім бар. Әйтеуір, сурет салған кезде мен өзімді бақытты сезінемін. Мұндай сәттерде күш-­қуатым тасып тұрғандай болады, жұмыстағы жүктеме, жал­пы проблемалар туралы ойламаймын» дейді Динара ағынан жарылып.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + eleven =