СУПЕР АНАЛАР САЙЫСЫ

0 2  111

№30 «Қайнар» балабақшасының жанындағы шағын орталықта «Супер ана» байқауы өз мәресіне жетті.

Жеті топтың атынан сайысқа түскен аналар тек жұмыста емес, шаңырағында да шаруаға епті, бала тәрбиесіне баса мән беретіндіктерін, өнерден де құралақан еместігін көрсете білді.

Аналар алдымен өзін, отбасы мүше­ле­рін таныстырды. Таныстыруды бірі қара өлеңмен, бірі әуенмен келтірді. Техниканың соңғы жетістігін пайдаланып, слайд көрсетілімін ұсынғандар да бол­ды.

Ас үй шаруасына ептілігін көрсететін «Дастархан» сайысында «Достық» то­бы­ның тәрбиеленушісі Данияр Жақан­ұлы­ның анасы Жанар Супбекова ерекше көзге түсті. Оның қазылар алқасының ал­дына жайған қазақы бай дастарханы көп­шілікті тәнті етті.

Сұрақ-жауап тартысында да аналар сүрінген жоқ. Бойындағы әртістік ше­бер­лік­тері арқылы күнделікті өмірдің түрлі ситуациялық жағдайына кезіккенде өзін қалай ұстайтынын көрсетіп берді.

Сән үлгісі сайысында «Ақбота» тобы­ның атынан қатысқан ана – Жансұлу Са­тыбалдықызы кәдімгі целлофан қап­­шық­тан тіккен көйлегі жиналғандарды таң қалдырды. Ал, өнерлілер байқауында «Астана ақшамы» газетінің қызметкері Айнұр Қарамендиеваның қазақ эстрада әншілері Мақпал Жүнісова, Жанар Айжанова, Меруерт Түсіпбаеваға жасаған пародиясы төрешілер тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Сайыс қорытындысы бойынша, ең жо­ға­ры ұпай жинаған «Шаттық» то­бының тәрбиеленушісі Әсемай Аман­ғұл­дың­ анасы Айнұр Қарамендиева «Супер ана» номинациясын жеңіп алды.

Қызғалдақ ҚЫДЫРБЕК,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × four =