Сулы-нулы серуенжол жаңғырады

0 118

Астананың ең көрікті жері – «Нұр жолы». Тамыз айының басында аталмыш аумақты жаңғырту жұмыстары басталды. Бүгінде құрылыс алаңы қоршалып, ондағы ескі тақтатастар түгел алынуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған жоба республикалық бюджет есе­бінен қаржыландырылуда. Аума­ғының үлкендігіне қарай сулы-
нулы серуенжолды жаңарту тұ­тас­тай алғанда 33 гектар төрт жер теліміне бөлінген. Құрылыс-монтаж жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асады. Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Виталий Пустоветов: «Қазір төртінші аумақтың жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл Орынбор және Түркістан көшелерінен Достық пен Қонаев көшелеріне дейінгі аумақты қамтиды. Әзірге техника тартыла қоймады. Мұн­да жұмысшылар қол­дап жұмыс істеуде. Бетондар мен ескі тақтатастар ретімен алынып, сыртқа шығарылуда. Аумақ­тың құрылыс жұмыстарын қара күзге дейін аяқтау көзделуде. Жалпы, Ақордадан басталып, «Қаз­мұнайгаз» ғимаратына дейін созылып жатқан сулы-нулы серуенжол құрылысы 2014 жылы бітеді деп жоспарлануда» дейді.

Жоба бойынша жаңа көгалдар мен гүлдер, шырша, қайың, қарағай және терек отырғызылады. Бұдан бөлек, жарықтандыру, қоғамдық дәретханаларды ауыстыру, диспет­черлік орын мен бақылау камераларын орнату қарастырылған. Қала құрылысына жауапты мамандар барлық композиция ұлттық нақышта жасалатынын айтады.

Гүлмира аймағанбет

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + ten =